Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париж олимпиадасында Қазақстан қай орында тұр

Спорт
Париж олимпиадасында Қазақстан қай орында тұр

Парижде ХХХIII жазғы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын. Әзірге Қазақстан құрамасы жеті медальмен 28-орынға жайғасты, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрама еншісінде бір алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.

Екінші алтын арман болып жүргенде, АҚШ 27 жоғары сұрыпты жүлдеге қол жеткізді. Бұдан бөлек 35 күміс және 32 қола медаль алған. Осылайша, олар 94 медальмен көш басында тұр.

Екінші орынға Қытай жайғасқан – 65 (25, 23, 17), алғашқы үштікті Австралия қорытындылады – 41 (18, 12, 11).

Айта кетейік, 7 тамызда Қазақстан қоржыны екі күміс медальмен толықты. Алдымен грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев, сонан соң боксшы Нұрбек Оралбай финалда қарсыласына есе жіберді.

Фото: ҚР ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу