freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Парламентте Қазақстан Халық кеңесі туралы заң жобасы таныстырылды

Қоғам
Парламентте Қазақстан Халық кеңесі туралы заң жобасы таныстырылды
Фото: Мәжіліс

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Қазақстан Халық кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, құжат 2026 жылғы референдумда қабылданған жаңа Конституцияны іске асыру үшін әзірленген.

Жаңа орган жоғары конституциялық консультативтік институт болып, қоғам мен мемлекет арасындағы тұрақты диалог алаңына айналмақ.

Заң жобасына сәйкес, Кеңес 42 мүшеден тұрады. Оның құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер өкілдері енеді.

Кеңес ішкі саясат бойынша ұсыныстар әзірлеп, заңнамалық бастама көтеру және қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру құқығына ие болады. Мемлекеттік органдар оның ұсынымдарын міндетті түрде қарауға тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан Халық кеңесіне әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұйымдастыру функциясы беріледі.

Құжат қабылданса, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылады. Министр депутаттарды заң жобасын бірінші оқылымда қолдауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу