freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында 8 әкімге айыппұл салынды

Қоғам
Павлодар облысында 8 әкімге айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Олар зиянды қалдықтарды рұқсатсыз шығарғаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облысында сегіз ауылдық округтің әкімі тұрмыстық қалдықтарға байланысты заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы көлемі 1,7 миллион теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

Прокуратура жүргізген тексеріс барысында Аққулы ауданынан 20-дан астам қоқыс полигоны анықталған. Алайда олардың ешқайсысында зиянды қалдықтарды орналастыруға тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Сонымен қатар, полигондардың экологиялық әрі санитарлық талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болды. Қажетті техникалық құжаттар да жоқ болып шыққан.

Бұдан бөлек, қалдықтардан бөлінетін сүзінді мен ағын суларды бақылау жүйесі мүлде ұйымдастырылмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу