freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында төрт жыл бұрын кісі өліміне әкеп соққан қылмыс ашылды

Құқық
Павлодар облысында төрт жыл бұрын кісі өліміне әкеп соққан қылмыс ашылды
ҚР ІІМ

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылды. Оның ішінде төрт қылмыс адам өліміне қатысы бар. Павлодар облысында төрт жыл бұрын кісі өліміне әкеп соққан қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

— 2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Оның денесінде көптеген жарақат белгілері болған. Жедел-тергеу іс-шараларының жүргізілгеніне қарамастан, қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады, — делінген хабарламада.

2026 жылы полиция қызметкерлерінің мұқият жұмысы, қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізуі және марқұмның байланыс ортасын толық тексеруі нәтижесінде күдікті анықталды.

— Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты. Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан ол көз жұмған. 9 ақпанда жиналған дәлелдердің негізінде күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады ІІМ-нен.

Наурыз айында Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

ІІМ жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыруды жүргізіп келеді. Әрбір қылмыстың ашылуы ерекше бақылауда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу