freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлерін пышақтамақ болды

Оқиға
Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлерін пышақтамақ болды
Фото: gov.kz

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодарда көшеде жатқан ер адамға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан реанимобиль жүргізушісі зардап шегіп, қызметтік көлікке зақым келді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 10 маусым күні Назарбаев көшесіндегі №89 үйдің ауласында болған. Сағат 14:57-де 103 қызметіне көшеде жатқан ер адам туралы хабарлама түскен.

Жедел жәрдем бригадасы шақырту орнына тоғыз минут ішінде жеткен. Алайда науқасты қарау кезінде белгісіз ер адам кенеттен агрессия танытып, медицина қызметкерлеріне пышақпен қорқыта бастаған.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, ер адам бригада қызметкерлеріне шабуыл жасап, жанжал барысында жедел жәрдем жүргізушісін жұдырықпен ұрған.

Кейін ол реанимобиль салонына кіріп, дәрі-дәрмек ампулаларын сындырған және медициналық құрал-жабдықтарды көліктен сыртқа лақтырып жіберген.

Оқиғадан кейін зардап шеккен медицина қызметкерлері құқық қорғау органдарына арыз жазған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу