freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пентагон Таяу Шығысқа 2 мың десантшы жіберіп жатыр

Әлем
Пентагон Таяу Шығысқа 2 мың десантшы жіберіп жатыр
Фото: depositphotos.com

Пентагон Таяу Шығысқа АҚШ құрлық әскерінің 82-ші әуе-десанттық дивизиясынан шамамен екі мың әскери қызметкерді жіберіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, бұл күштер жедел әрекет ету құрамынан бөлінеді. Аталған бригада шамамен үш мың адамнан тұрады және 18 сағат ішінде әлемнің кез келген нүктесіне орналастырыла алады.

Десантшылардың нақты қай елге жіберілетіні әзірге нақтыланбаған. Алайда олардың орналасу аймағы Иранға соққы жасауға қолжетімді қашықтықта болатыны айтылуда.

Сонымен қатар олар Парсы шығанағының солтүстігіндегі мұнай экспортының негізгі орталықтарының бірі саналатын Харк аралын басып алу операциясына тартылуы мүмкін.

NYT бағалауынша, аймаққа бағытталған теңіз жаяу әскерлерін қоса есептегенде, Таяу Шығыстағы АҚШ қосымша құрлық күштерінің саны жеті мыңға жуықтайды.

Ал The Financial Times дерегінше, басқа да әскери құрамаларды есепке алғанда — соның ішінде USS Tripoli десанттық кемесіндегі 2200 теңіз жаяу әскері мен USS Boxer кемесі бастаған топтағы 4500 әскери қызметкер — жалпы саны 10 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Жалпы алғанда, «Эпикалық ашу» операциясына Таяу Шығыс, Еуропа және АҚШ аумағындағы бөлімшелерден шамамен 50 мың әскери жұмылдырылған.

The New York Times бұл қадамды жағдайдың ушығуының жаңа кезеңі деп бағалайды. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Тегеранмен «қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатқанын» мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Иран ядролық қару әзірлеуден бас тартуға келіскен.

Сондай-ақ БАҚ АҚШ делдалдар арқылы Иранға соғысты тоқтату жоспарын ұсынғанын жазды. Associated Press агенттігінің мәліметінше, бұл жоспар санкцияларды жеңілдету, азаматтық ядролық энергетика саласында ынтымақтастық орнату, Иранның ядролық бағдарламасын қысқарту және зымыран қаруына шектеу енгізуді көздейді.

Алайда Тегеран АҚШ-пен келіссөз жүргізуге ниетті емес екенін мәлімдеп, соғысты тоқтату үшін өз шарттарын ұсынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу