Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Петропавлда сыныптасын аяусыз соққыға жыққан қыздар ұсталды

Қоғам
Петропавлда сыныптасын аяусыз соққыға жыққан қыздар ұсталды

Әлеуметтік желіде Петропавл қаласында бірнеше қыздың жасөспірім қызды соққыға жыққан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазбада алты қыздың бір қызды кезекпен ұрып жатқанын көруге болады. Жәбірленуші қарсылық көрсетпеген. Соққыдан кейін күдіктілер одан ақша талап етіп, қолма-қол қаражат беру немесе тағы да зорлық көруді таңдауды ұсынған.

Белгілі болғандай, жәбірленуші бұған дейін қыздардың біріне шағымданбақ болған. Осыған байланысты олар оны жазалауды ұйғарған.

Оқиға 2024 жылдың тамыз айының соңында болған. Күдіктілер бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Тергеу барысында полиция алты кәмелетке толмаған қыздың жеке басын анықтады. Екі жасөспірім мен олардың төрт заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу