freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Петропавлда зауыт жұмысшысын күйік шалды

Оқиға
Петропавлда зауыт жұмысшысын күйік шалды
freepik.com

16 сәуірде Петропавлдағы ірі кәсіпорындардың бірінде жас қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеп. 

Qazaqstan Media басылымының мәліметінше, оқиға "Маслодел" ЖШС-де болған.

25 жастағы автоматтандырылған басқару жүйелерінің операторы өндірістік ауыр жарақат алған. Оны бу күйдіріп жіберген.

Оқиға орнына келген дәрігерлер екінші дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойған. Иық, қол және беттің бір бөлігі зақымданған.

Жас жігіттің жағдайы ауыр деп бағалануда. Денесінің 30%-дан астамы күйген. Зардап шеккен азамат Петропавл қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу