Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пистолет ұстаған қаңғыбас алматылықтардың зәресін ұшырды

Қоғам
Пистолет ұстаған қаңғыбас алматылықтардың зәресін ұшырды
dp.ru

Алматыда қару ұстаған мас қаңғыбас тұрғындарды қорқытты, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Аталған дерек бойынша полицияға «102» арнасы арқылы шақырту түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы келді. Күдікті ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ұсталған адамның – тұрақты мекенжайы жоқ (үйсіз) және алкогольдік сусын ішкен ер адам екені анықталды. Оның қолында айналадағы адамдарға қауіп төндірмейтін ойыншық пистолет болған», – деп хабарлады жұма күні Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ұсақ бұзақылық жасау дерегімен әкімшілік іс қозғалды.

«Іс материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деп қосты Полиция департаменті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу