Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды

Экономика
Пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды

Күзде Қазақстанда пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.  


Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Бағасы көтерілген билет бұл күнге 45 күн қалғанда – тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды.

Көлік министрлігі баспасөз қызметі елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тариф қымбаттамақ.

Шенеуніктердің пайымдауынша, билет құнының өсуі қызмет көрсету сапасына тікелей әсер етеді, өйткені соңғы 10 жылда инфляция деңгейіне индекстеу шараларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар салалардың тарифі бірде-бір рет өзгермеген.

«Пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%», - деп түсіндірді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

«Тальгоның» бағасы шамамен 19 493 теңге, стандартты пойыздарда купе құны 19 653 теңге, плацкартта 12 871 теңге. Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңге болады.

Фото: Ашық дереккөзден 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу