Айжан Есмағамбетова Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметінен босатылды

, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен және ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапатталған.

Берік Дәулетов

  • 10.07.2024

Үкімет қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айжан Серікбайқызы 1972 жылғы 5 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 

1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің «Санитария, гигена, эпидемиология» мамандығы бойынша санитарлық-гигиеналық факультетін үздік бітірді.

2021 жылы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітіріп, денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алған, Almaty management university Іскершілік әкімшілендіру магистрі дәрежесін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастады, республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап аса қауіпті инфекциялар бөлімі зертханасының меңгерушісі болып тағайындалды.

2004 жылғы қыркүйектен бастап министрліктің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитариялық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекші маманы;

2005 жылғы мамырдан бастап министрліктің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің бас маманы;

2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы қаңтарға дейін министрліктің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ұйымдастыру-құқықтық және кадр жұмысы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, бастығы;

2010 жылғы қаңтардан 2013 жылғы тамызға дейін министрліктің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары;

2013 жылғы тамыздан бастап министрліктің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитария әрігері;

2014 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры — Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің орынбасары;

2014 жылғы қазаннан 2017 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушы құқығын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;

2017 жылғы наурыздан бастап министрліктің стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры;

2017 жылғы қарашадан бастап министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеді;

2020 жылғы маусым-қазан аралығында министрліктің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2020 жылғы қазаннан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін министрліктің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

2022 жылғы 14 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитария дәрігері лауазымына тағайындалды.

А. С. Есмағамбетованың «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен және «Халық алғысы» медалімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен және ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапатталған.

Фото: primeminister.kz

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады