Америкадан кейін Израиль БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығатынын мәлімдеді. БҰҰ-ның тағдыры не болады?

БҰҰ ыдыраудың алдында тұр. Әлемде жаңа тәртіп орнауы мүмкін.

Malim Админ

  • 06.02.2025

Израиль АҚШ-ты қолдап, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (БҰҰ АҚК) жұмысына қатысуды тоқтататынын жариялады. Бұл туралы Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар 5-ақпанда, сәрсенбі күні өзінің Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды, деп хабарлайды forbes.kz сайтына сілтеме жасап, www.malim.kz.

«Израиль президент Трамптың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатыспау туралы шешімін құптайды. Израиль АҚШ-пен бірге, БҰҰ АҚК жұмысынан бас тартады», – делінген министрдің желідегі жазбасында.

Саардың пікірінше, БҰҰ АҚК адам құқықтарын өрескел бұзғандарды қорғап отыр, ал оның орнына «Таяу Шығыстағы жалғыз демократияны – Израильді» тұқыртып, негізсіз қаралайды. Саар бұл органды антисемитизмді насихаттайды және «айқын» дискриминацияны қолдайды деп айыптады.

– Израильге қарсы 100-ден астам айыптау резолюциясы қабылданған, бұл барлық БҰҰ АҚК-де қабылданған резолюциялардың 20%-дан астамын құрайды, деп атап өтті Израильдің СІМ басшысы. Оның айтуынша, бұл Иранға, Кубаға, КХДР мен Венесуэлаға қарсы қабылданған резолюциялардан да көп.

Сол күні, 5 ақпанда, Аргентина президенті Хавьер Милей елді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДҰ) шығару туралы шешім қабылдады. Оның айтуынша, бұл шешім COVID-19 пандемиясы кезінде «денсаулық сақтау саласындағы келіспеушіліктер» себебінен қабылданған, бұл «елдің бұрынғы президенті Альберто Фернандес кезінде ең ауқымды карантинге алып келді». Бұл туралы Аргентина президентінің өкілі Мануэль Адорни баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Алдыңғы күні, 4 ақпанда, Трамп АҚШ-тың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығу туралы жарлыққа қол қойып, Палестиналық босқындарға көмек көрсету үшін БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігін  қаржыландыруды тоқтату және АҚШ-тың БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымына (ЮНЕСКО) мүшелігін қайта қарау туралы шешім қабылдаған болатын. 21 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп ДДҰ-нан шығу туралы жарлыққа қол қойған еді.

Былтыр күзде Дохада өткен халықаралық форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ жұмысын жетілдіру керек деген болатын.

– БҰҰ әмбебап ұйым ретінде адамзат үшін өте қажет. Өкінішке қарай, ірі державалар әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты толық сақтай алмай отыр. Бүгінгі ғаламдағы ахуал көптеген елді, соның ішінде Қазақстанды да алаңдатады. Қазір әлемнің жікке бөлінуі күшейіп тұр. Жан-жаққа шашыраған соң көпжақты халықаралық институттардың беделі түсіп барады. Ірі державалар бір мәмілеге келе алмай жатқан кезде, ортадағы түйткілдің түйінін тарқтауға орта державалар дәнекер бола алады. Ал бүгінгі ахуал көптеген елді, соның ішінде Қазақстанды да алаңдатады. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы реформалауды қажет етеді. Ірі державалар арасында ымыраластық болуы керек деп санаймыз. Олардың келісімге келе алмауы салдарынан Қауіпсіздік Кеңесі тығырыққа тірелді. Қазақстан сияқты орта державалар аймақтық деңгейде, сондай-ақ жаһандық кеңістікте бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуде өте маңызды рөл атқара алады, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір әлемде БҰҰ-ның тағдыры қалай болады деген алаңдаушылық басым. Бұған дейін www.malim.kz сайты бұл туралы жазған болатын.

Байланысты жаналықтар

Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

12.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

S.O.S.: ғаламдық ашаршылық үдеп барады

25.12.2024

БҰҰ-ның пластмасса өндірісін шектеу келіссөзі нәтижесіз аяқталды

02.12.2024

Израиль шабуылынан соң Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шықты

27.10.2024

Азотпен тұншықтыру арқылы өлім жазасына екінші адам кесілді

27.09.2024
MalimBlocks
Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

S.O.S.: ғаламдық ашаршылық үдеп барады

БҰҰ-ның пластмасса өндірісін шектеу келіссөзі нәтижесіз аяқталды

«Кешіккен әрбір күн – адамзатқа қарсы күн. Келіссөздерді кейінге қалдыру дағдарысты кейінге қалдырмайды»

Израиль шабуылынан соң Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шықты

Иран әлемдік ұйымнан төтенше отырыс өткізуді сұрайды

Азотпен тұншықтыру арқылы өлім жазасына екінші адам кесілді

БҰҰ мен ЕО өлім жазасының бұл әдісін сынға алған болатын