АҚШ Гаага сотының мүшелеріне санкция салатынын мәлімдеді
Халықаралық қылмыстық сотқа 125 мемлекет мүше. Сот әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар, геноцид және халықаралық агрессия сияқты ауыр құқық бұзу істері үшін айыпталушыларды қудалайды.

Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ азаматтары немесе Американың одақтастарына қарсы Халықаралық қылмыстық сот жүргізіп жатқан тергеуге қатысы бар адамдарға санкция енгізілетінін хабарлады. Бұл туралы Америка дауысы жазды.
Трамп әкімшілігінің пікірінше, Гаага соты «Америка мен оның жақын одақтасы Израильге қарсы заңсыз және негізсіз әрекеттер жасаған». Ақ үйдің баспасөз хабарламасында санкциялық тізімге енген тұлғалардың мүлкі мен активтері бұғатталады және АҚШ-қа кіру мүмкіндігінен айрылуы мүмкін екені айтылған. Олардың жақын туыстарына да ҚШ-қа кіру шектеулері қойылады.
Ақ үй санкцияға іліккен тұлғалардың есімдерін жарияламады.
Өткен айда Reuters агенттігі ХҚС санкциялардан қорғану үшін шаралар қабылдағанын хабарлаған. Агенттіктің дереккөзі бойынша, сот қызметкерлеріне үш айлық еңбекақы алдын ала төленген.
Қазіргі уақытта АҚШ пен Израиль сотқа мүше емес (Гаага соты 1998 жылғы келісім бойынша құрылған).
Халықаралық қылмыстық сотқа 125 мемлекет мүше. Сот әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар, геноцид және халықаралық агрессия сияқты ауыр құқық бұзу істері үшін айыпталушыларды қудалайды.
Қараша айында сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды, бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галанатты және ХАМАС жетекшілерінің бірін Газа аймағындағы қақтығыстар кезінде жасалған әскери қылмыстар бойынша қамауға алу ордерін шығарған еді.
Нетаньяху осы аптада Вашингтонға президент Трамппен келіссөздер жүргізу үшін келген болатын. Израиль премьер-министрі Трамптың екінші президенттік мерзімінде Ақ үйге барған алғашқы шетелдік көшбасшы болды.
2025 жылы 4 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен Ақ үйде кездесті. Екі ел арасында жан-жақты келісімдерге қол қойылды. Трамптың Газа тұрғындарын өзге араб елдеріне көшіру ұсынысы халықаралық дау тудырды.
Фото: Tom Brenner / Reuters
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келіссөз қалай жүреді?
Газет болашақ президенттің айналасындағылар бірнеше сценарийді талқылап жатқанын атап өтті. Олар қазіргі әкімшіліктің Украинаны «қажет болғанша» қолдау принципінен бас тартуға дайын. Трамп сайлауда жеңген соң оның ұлы әлеуметтік желіде Зеленский жақын арада «артықшылықтарынан айырылады» деп қалжыңдады.