Трамп Ресей және Украинамен келіссөзді талқылаудың «жақсы» жүріп жатқанын айтты

Malim Админ

  • 03.02.2025

Дональд Трамп өзінің әкімшілігі Украина мен Ресеймен кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын және ол бойынша талқылау «жақсы» жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады ВВС-ге сілтеме жасап www.malim.kz.

«Біз әртүрлі тараптармен, соның ішінде Украина және Ресеймен кездесулер мен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, бұл талқылаулар шын мәнінде жақсы жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Трамп журналистерге, бірақ ешқандай нақты мәлімет берген жоқ.

Бұдан бұрын Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан еді, алайда Кремль Вашингтоннан нақты ұсыныстар әлі түспегенін айтқан болатын.

Украина президенті Владимир Зеленский Associated Press басылымына берген сұхбатында Украина қатыспайтын кез келген келіссөздің қауіпті екенін айтқан.

«Менің ойымша, бұл өте қауіпті. Егер Украинасыз Америка мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер болса, бұл өте қауіпті. Олар өзара қарым-қатынас орнатуы мүмкін. Бірақ Украинасыз бұл мәселе туралы айту – бәріне қауіпті», – деген еді Зеленский.

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

Әлнұр Мұсаев: Трамп Ресейдің бұрынғы агенті екенін дәлелдеді

03.03.2025

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

25.02.2025

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

25.02.2025

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

24.02.2025

Трамп Ресеймен келіссөздің екінші рунды туралы айтты

23.02.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025
MalimBlocks