Арыстанбек Мұхамедиұлының соты. Судья шешім шығарды

Мұхамедиұлының денсаулығы нашарлап кеткен дейді

Malim Админ

  • 17.04.2023

Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот тыңдауы өтіп жатыр. Бұл іс бойынша сотқа тартылғандар қатарында  Астанадағы Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан, «Экспонат» ЖШС директорының орынбасары Азамат Көшенов, «Экспонат» ЖШС бас бухгалтері Айым Сәдуақасова бар.


Сот процесі Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Мұхамедиұлы ауа райының қолайсыздығына байланысты сот залына келе алмайтынын айтып, №64 мекемеден онлайн режимде қатысуды сұраған.

Оның және басқа да айыпталушылардың адвокаттары байланыс нашар екенін себеп қылып, сотты оффлайн форматқа ауыстыруды өтінген.

Сонымен қатар, Мұхамедиұлының құқық қорғаушысы Мұстақым Төлеев Арыстанбек Мұхамедиұлының зейнет жасына жақындағанын, оның денсаулығы нашарлағанын алға тартып, оны үйқамаққа жіберу туралы арыз түсірген. Судья Ыдырысов  талап-арыздарды қарау үшін алдымен жарты сағатқа, кейін байланысты нашарлығын айтып, сот отырысын үш сағатқа кейінге шегерген. Осы аралықта күдіктілер сот ғимаратына әкелінген.

Судья Бағлан Ыдырысов Мұхамедиұлын үйқамаққа жібермейтінін бірден айтты.  «Күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлының денсаулығы оны үйқамаққа жіберуге негіз болмайды. Өйткені, Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, күдіктілер изоляторда да барлық медициналық көмек ала алады. Сондықтан, судья Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамау шарасын өзгертуге негіз таппады», -деді шешімін жариялаған судья.  

Адвокат Мұстақым Төлеев бүгін де «ескі жараның» аузын тырнап, бұл әртіс Тұңғышбай Жаманқұловтың  кек алу әрекеті екенін айтты.   Еске салайық, 2016 жылы актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының арасы ушығып, соңы бітіспес дауға айналғаны мәлім. Ақыры жемқорлық дерегіне байланысты Жаманқұлов ұсталып, қажетті мөлшердегі ақшаны төлеп құтылған-ды.  Бұрынғы министр өткен жылы мамыр айында қамалған  соң әлеуметтік желіде «Мұхамедиұлының президентке үндеуі» жарияланған. Шенеунік үндеуінде тағылған айыпты жоққа шығарып, оны «өзіне қақпан құрып жүрген кейбір адамдардың ісі» деп бағалаған болатын.

 

Байланысты жаналықтар

Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

15.05.2023

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

04.05.2023

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

27.04.2023

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24.04.2023

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

20.04.2023

Жанболат Мамай алты жылға шартты жазаға кесілді

10.04.2023
MalimBlocks
Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

Көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

Аталған сот ел арасында "аруақтар соты" деген атаумен сынға ұшырады

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

Ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Билікті күшпен басып алу айыбы тағылған

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

Аталған іс бойынша ертең алдын ала тыңдалым өтпек

Жанболат Мамай алты жылға шартты жазаға кесілді

400 мың теңгеден астам айыппұл салынды