Астанаға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі келе жатыр
Ол еліміздің Қорғаныс министрлігімен ортақ келісімге қол қоймақ
22-28 маусымда Астанаға АҚШ мемлекеттік хатшысының қарулану, тежеу және тұрақтылық жөніндегі көмекшісі Мэллори Стюарт келеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол Астанада АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі арасындағы Ұлттық ядролық қауіп-қатерді азайту орталығының (NRRC) қауіпсіздік желісі туралы келісіміне қол қояды.
Бұл келісім АҚШ-Қазақстан қарым-қатынасының беріктігін және тәуекелдерді азайту мен жаһандық тұрақтылыққа деген ортақ мүддесін көрсетеді, деп жазылған АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми хабарламасында.
Сонымен бірге ол осы күндер аралығында Женевада Ядролық қарусыздануды тексеру жөніндегі халықаралық серіктестіктің (IPNDV) онжылдығын мерекелеуге қатыспақ.
Фото: spacecom.mil