Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанаға Путин келе жатыр

Саясат
Астанаға Путин келе жатыр

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұны Ресей басшысы Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесуде айтты.

Жақында біз Астанаға барамыз, онда ШЫҰ саммиті және басқа да шаралар болады, мені шақырды, шақыруды қабыл алдым, –деді Владимир Путин.

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті 3-4 шілдеде өтеді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымын қарастырады.

Форумға бақылаушы елдердің басшылары мен диалог бойынша серіктестер қатысады деген болжам бар, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Фото: iphones.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу