Бангладештегі бүлік: Премьер елден қашып, уақытша үкімет орнады

Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина отставкаға кеткеннен кейін Үндістанға қашып кеткені белгілі болды. Елдегі жаппай бүлік салдарынан жүзден астам адам қаза тапты.

  • 06.08.2024

Елдің әскери штабының генералы Вакер-Уз-Заманның мәліметінше, премьер-министр қазіргі уақытта билікте жоқ.

Белгілі дереккөздерінің хабарлауынша, экс-премьер Хасина Үнді еліне тікұшақпен аттанған. Алдын ала анықталған дерекке сәйкес, Үнді билігі оның қауіпсіздігіне кепілдік берген. 

Вакер-уз-Заман өз үндеуінде елде уақытта үкімет құрылатынын мәлімдеді. Ол жақын күндері елдің президенті Мұхамед Шахабуддинмен кездесіп, мәселе оң шешімін табатынына үміттенетінін атады. 

Генералдың сөзінше, оппозициялық саяси партияның өкілдерімен кездесіп, сөйлескен. Ал уақытша үкіметті әзірге кім жүргізетіні белгісіз болып отыр.

Сонымен қатар, генерал бүкіл Бангладеш халқы үшін "әділет" орнайтынына уәде берді. Себебі, соңғы бірнеше аптада жүздеген адам қайтыс болғаннан кейін наразылық білдірушілер осыны талап етіп отыр. 

Дүйсенбіде ереуілге шыққан мыңдаған адамдар Премьер-Министрдің резиденциясы "Ганобхабанға" басып кірген еді. 

Әлеуметтік желіде демонстранттардың премьер-министрдің резиденциясын қиратып жатқанын көрсететін түрлі бейнекадрлар тарады. Кейбір наразы топ резиденциядан түрлі жиһаздарды сыртқа тасып шығарған.

Жексенбі күні полиция мен шейх Хасинаның отставкаға кетуін талап еткен наразылық акциясына қатысушылар арасындағы қақтығыстарда кем дегенде 90 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Ал бақиға аттанғандардың арасында 13 полиция қызметкері бары айтылды. Олар Даккадан солтүстікке қарай 100 шақырым жерде орналасқан Сираджганж қаласындағы полиция бөліміне шабуыл кезінде өлтірілген. 
Фото: ВВС 

Ақпарат ВВС материалы негізінде ықшамдалып аударылды

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
MalimBlocks