freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

Саясат
Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында Президент Саида Мирзиёеваның Астанаға сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту тұрғысынан ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі елдің президент әкімшіліктері арасындағы өзара іс-қимылдың жандануы өңірлік ықпалдастықты күшейтуге және Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстанның өңірдегі жетекші мемлекеттер ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Президент 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын еске салып, Өзбекстанның цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы тәжірибесін жоғары бағалады.

Өз кезегінде Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді.

Ол Ташкенттің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін және жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалуына тұрақты бақылау жасалатынын айтты.

– Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық пен орнықты даму жолында бірге жұмыс істеп келеді. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесі айқын көрініп отыр. Біз бірлесе отырып өңірдің үнін жаһандық деңгейде күшейте аламыз. Өзбекстан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайды және жоғары бағалайды. Қазақстан – біздің сенімді одақтасымыз, – деді Саида Мирзиёева.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде пікір алмасу өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу