Бас қалада жаңа митингі басталды: Ақорда көре ме?

Руслан ЕРБОТА

  • 24.04.2020

Сәуірдің 23-күні Нұр-Сұлтанда бұрын-соңды болмаған митинг өтті. Әдеттегідей әкімдік белгілеп қойған қаланың шетінде емес, Есілдің сол жағалауында, Ақорда есігіне алып барар көшенің бірінде, «Бәйтеректің»  бүйірінде өтті. Анығын айтсақ, Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің қиылысында болды.

Бұл наразылыққа келгенде еститін мемлекет құрғысы келетін Ақорда әзірге үнсіз. Қарсылық көрсеткендерді қуалай жөнелетін күштік құрылымдар да аңтарылып қалғандай. Төтенше жағдай мен карантиннің қатаң шарттарына салып, қамап тастауға да, әкімшілік айыппұлға жыға салуға да келмей тұр. Өйткені қолын қайырып ұстап алып кететін, дедектетіп сүйрей жөнелетін тірі жан жоқ. Қырсық қылғанда, қоғамдық кеңестің кеңесімен парламент мақұлдаған кешегі митинг туралы заңда витруалды наразылықты жазалау мен реттеу жазылмай қалыпты. Енді қайтпек?

Бір айта кетерлігі, Нұр-Сұлтандағы кешегіндей митинг бір аптадан бері Ресейдің әр өңірінде қызып тұр. Қызып тұрғаны соншалық Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песковтың өзі «Кремель  наразылар талабын көріп, біліп, естіп отыр» дегендей пікір айтып, отандастарын карантиндегі қиындыққа түсіністікпен қарап, сабырлы болуға шақырып әлек.

Ал Кремельдің мазасын кетірген осындай митинг Нұр-Сұлтанда қалай басталды?

­

-Біз ең алдымен үнсіз қарсылық өткізбек едік. Бірақ, қазір төтенше жағдай, митингке шығуға болмайды. Осыны ескеріп, әр пәтер иесі таңертең бір мезетте терезе мен балконға плакат іліп қоймаққа уағдаластық. Бірақ, бұл жоспарымыз әкімдіктің құлағына тез жеткен екен, бастамашы топ өкілдерін аудан әкімдігі кездесуге шақырды. Олар кездесуге әкімдік шенеуніктері құрылыс компаниясының өкілдерімен бірге келгенін, соңғылары өздерінің жобаларының кереметтігін мақтаумен болғанын чатқа жазды.  Бұл кездесуді біз наразылық танытпас үшін өткізгені айтпаса да түсінікті ғой. Сол жағалаудағы барлық органға сан мәрте хат жазғанымен заңгерлеріміз сұрақтарына нақты жауап алған жоқ. Ал, шенеуніктер онлайн-кездесуге шақырып отыр.  Әкімдер көңіл аулайтын түрлі амал ойластырып жатқанда көрші үйдің тұрғындары 2giz.kz-те  (ел аузында  тугис аталып кеткен-ред.) митингке шығуды ұсынды. Жарты сағаттан соң үйіміздің қасындағы жерге Тугисте виртуалды шығып, «бос жерге, тар орынға, мектебі жоқ аулада көп қабатты биік үй салуға болмайды» деп митинг жасадық,­- дейді Әсем Жылқыбаева Malim.kz тілшісіне.

Әсем Жылқыбаеваның айтып отырған мәселесі астанадағы Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы әзірге бос жатқан жерге байланысты. Бұл жерге құрылыс жүргізу үшін қоршау қойыла бастаған. Алдағы уақытта BI компаниясы биік ғимарат пен тұрғын үй кешенін салмақ. Бірақ, сол жағалаудың тұрғындары бұл құрылысқа үзілді-кесілді қарсы. Өйткені сол жағалаудағы үйлердің ауласында біріншіден, бала ойнайтын жеткілікті жер жоқ. Екіншіден, көлік қоятын орын жоқ. Үшіншіден, ретсіз салына берген ғимараттардан сол жағалау көшелері кептелектен көз ашпайтын болған. Бұдан да күрделі мәселе ­ сол жағалаудағы мектептерге оқушылар сыймай отыр. Яғни, мектеп тапшы. Сол жағалауда мектептің жоқтығын анда-санда Білім және ғылым министрлігінің шенеуніктері де айтып жүр.

Ал осы ауданның тұрғындары бұған дейін де бірнеше жиын өткізіп, болашақты ойлайтын әкім болса, еститін мемлекет құратын президент болса, сол жағалауда, қала ортасында бос тұрған соңғы жерге биік әйнек үй емес, не саябақ, не мектеп, не оқушылар сарайын салсын деп келеді.

­

-Виртуалды митинг ойдағыдай өтті. Ешкім көрмеді деп қамықпаймыз. Билік бізді естігісі келмейтін шығар. Билік бізді ақымақ санайтын шығар. Бірақ, біз карантинде жатып, виртуалды митинг өткізгенде бәріміз бірге екенімізге, мақсатымыз бір екеніне көзімізді тағы да жеткіздік. Төтенше жағдай тоқтағанда шын митингіге шығамыз!-дейді Әсем Жылқыбаева.

Ресей виртуалды митингті әзірге тоқта алғандай. Наразылық күн сайын көбейіп бара жатқан соң «Яндекс. Карты» және «Яндекс. Навигатор» сервистері «біздің алаң смс жазатын немесе әңгімелесетін чат емес» деп пікір жазу, белгі қою қызметтерін жауып тастаған.

Сонымен, Қазақстанда виртуалды наразылық басталды. Жаңа митинг заңына қарағанда, енді виртуалды митинг көбеймесе, азаймайды-ау.

МАҚАЛАНЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

ФОТО: malim.kz

Байланысты жаналықтар

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

01.12.2024

Тбилисидегі наразылық: ел Парламенті ғимаратында өрт шықты

01.12.2024

Тбилисиде наразылық тоқтамады. Жұрт алаңда баррикада қойып алған

30.11.2024

Грузияда наразылық басталды. Шерушілер Еуроодақпен келіссөзден бас тартуға қарсы

29.11.2024

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

29.10.2024

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

27.10.2024
MalimBlocks
АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

Себебі, ЕО-мен келіссөзді тоқтатып, наразылықты күшпен басқанын айыптайды

Тбилисидегі наразылық: ел Парламенті ғимаратында өрт шықты

Наразы топ ғимараттың қоршауын бұзып өткен

Тбилисиде наразылық тоқтамады. Жұрт алаңда баррикада қойып алған

Ел президенті наразы топпен бірге екенін мәлімдеді

Грузияда наразылық басталды. Шерушілер Еуроодақпен келіссөзден бас тартуға қарсы

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

Сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы билікте қалған болатын

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

Оппозициялық партиялар наразылық ұйымдастырмақ