"Басылып кеткен шығар". Министр әкім сыналған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

Нұржан Нұржігітов неге әлеуметтік желіде Ербол Қарашөкеевті сыналған постқа лайк басқан?

Сұлу Бөлек

  • 20.03.2025

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтен неге әлеуметтік желіде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті сыналған постқа лайк басқаны сұралды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистер "Қарашөкеевтің жұмысына көңіліңіз толмай ма? Теріс көзқарасыңыз жоқ па?" деп сұрады. 

"Лайк басқаным есімде жоқ. Бірақ әлеуметтік желіні қарап отырған кезде басылып кеткен шығар. Теріс көзқарас жоқ", - деді министр.

Айта кетейік, Нұржан Нұржігітовтің өзі 2022–2023 жылдары Жамбыл облысының әкімі болды.

Ал Ербол Қарашөкеев 2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қыркүйекке дейін ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2023 жылғы 5 қыркүйектен бастап ол - Жамбыл облысының әкімі.

Фото: kaztag.kz

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025
MalimBlocks