"Батьканың" таңдауы Беларусьті тәуелсіздігінен айыруы мүмкін

Malim Админ

  • 25.05.2021

«Еуропаның соңғы диктаторы»Александр Лукашенко билігінің «Ryanair» ұшағын Минск әуежайына қонуға мәжбүрлеп, лайнер бортындағы оппозициялық блогер Роман Протасевичті тұтқындауы Беларусьтің қандай таңдау жасағанын кезекті рет айқындағандай. Алыстағы Минскіде болып жатқан саяси текетірестің ТМД мен Қазақстанға әсері қандай?

БЕЛАРУСЬ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ БҰЛЫҢҒЫР БОЛАШАҒЫ

Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан оппозициялық блогер Роман Протасевичті жол ортадан ұстау арқылы Александр Лукашенко дипломатия мен көпвекторлы саясат стратегиясына нүкте қойды. Беларусь батькасы демократиялық Батысты емес, диктаторлық Шығысты (Ресейді) таңдады. Еуроодақ ресми Минскке санкциялар тізбеген төпелетіп, экономикалық қысымын одан сайын күшейтетін болса, Лукашенко геосаясат күйтабағындағы «Беларусь-Ресей  одақтас мемлекеті» пластинкасын кезекті рет іске қосатыны анық. Бұл осыған дейін декаративті одақ болса, бұдан былай шын одаққа айналуы әбден мүмкін. Ал ол одақ Беларусьті тәуелсіздігінен айыратыны сөзсіз. Себебі келісім бойынша қос мемлекет саяси-экономикалық, әскери-кедендік, мәдени-гумантиарлық және валюталық бірлестікке айналады. Ресей мен Беларусьтің масштабына қарап, ол одақта кімнің үстем болатынын айтудың өзі артық.

Кеңес одағын қалпына келтіруді армандайтан Владимир Путин үшін Ресей-Беларусь одағының символикалық маңызы зор. Өйткені 1991 жылы 8 желтоқсанда дәл осы Беларусь жерінде Беловеж келісіміне қол қойылып, одақ тараған.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕВРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

Бір қарағанда алыстағы Минскте болып жатқан саяси текетірестің Қазақстан мен ТМД елдеріне еш қатысы жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде ол олай емес. Егер ресми Минск Мәскеудің ырқына жығылып, «айтқанымен жүріп, айдағанына көнетін болса», онда Қазақстан мен Евразиялық экономикалық одаққа мүше өзге де елдердің жағдайы мәз болмасы анық. Қазақстан, Қырғызстан немесе Армения Ресей мен Беларусь одағына мүше болады деп айтудан аулақпыз. Бірақ 2008 жылы Грузия мен Ресей арасындағы әскери қақтығыс арада 6 жыл өткен соң Украинада қайталанады деп кім ойлады? Ресейдің ЕАЭО-ға әу бастан экономикалық емес, геосаяси алаң ретінде қарағанын ескерсек, болашақта одаққа мүше елдерді қиын кезең күтіп тұр деп айтуға толық негіз бар...  

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023

Ресейдегі қандастар есерсоқтанып барады

16.05.2023

Қазақстанда тұратындардың бәрі «қазақ» болуы керек пе? Депутат не дейді, халық не дейді? 

04.05.2023

Украина президентіне Түркияға шабуылдауды ұсынған қазақстандық депутат кешірім сұрады

30.04.2023

Тәліптер Қазақстанға келетін болды

18.04.2023

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

05.04.2023
MalimBlocks
Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр

Ресейдегі қандастар есерсоқтанып барады

Ресейлік үгіт-насихатты санасына сіңіргені сонша, Украинаға соғыс ашып отырған өз билігіне уәж айтудың орнына, қайта қолдап, қуаттап отыр

Қазақстанда тұратындардың бәрі «қазақ» болуы керек пе? Депутат не дейді, халық не дейді? 

"Бірте-бірте қазақтар  өз жерінің қожайыны болудан қалады".

Украина президентіне Түркияға шабуылдауды ұсынған қазақстандық депутат кешірім сұрады

Ол Қырымнан гөрі, Түркия тартымдырақ деп жазған

Тәліптер Қазақстанға келетін болды

«Талибан» - Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарында

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

Осымен екінші жыл туу көрсеткішінің азайғаны байқалады