Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ұзаққа созылған құрылыс мәселесін шешу және тұрғын үйлерді уақтылы пайдалануға беру үшін құрылыстың заңдылығына тиімді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың, бірқатар өңірлер әкімдерінің алданған үлескерлермен жұмыс, заңсыз құрылыспен күрес, инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген қаржының игерілуі туралы баяндамалары тыңдалды.

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар. Олар бойынша алданған үлескерлер жылдар бойы соттасып келеді. 340-қа жуық тұрғын үй кешені заңсыз салынуда және ұзақ мерзімді құрылыс санатына түсу қаупі бар.

Өнеркәсіп министрлігі өңірлермен бірлесіп, 1 маусымға дейінгі мерзімде салынып жатқан барлық объектілерге құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған Проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек. Ең бастысы барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар өңір әкімдіктеріне коммуникацияларды жүргізу, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және басқа да ең өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін елді мекендердің перспективалы дамуына талдау жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ табиғатты қорғау және сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс мәселесіне де ерекше назар аударылды. 2023 жылғы тексеру қорытындысы бойынша Алматыда негізінен тау бөктерінде құрылыс кезінде 150-ден астам бұзушылық фактісі анықталды. Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс бақылауын күшейту мәселесі Үкіметтің бақылауында қалады.

Фото: halyq-uni.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады