Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

Сабина Асқарқызы

  • 25.04.2025

ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапарымен барып, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт қауіпсіздігі шараларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сапар аясында вице-премьер өрттен зардап шеккен аумақтарды аралады. 2025 жылы өрт қаупі жоғары маусым басталғалы бері мемлекеттік орман қоры аумағында 5 өрт оқиғасы тіркеліп, жалпы 1040,49 гектар жерді от шарпыған. Соның ішінде 277,8 гектар орманмен көмкерілген, ал қалпына келтіруді қажет ететін аумақ көлемі — 36 гектар.

Орманды қалпына келтіру үшін резерват аумағында 2,8 мың гектар жерге 9 миллионнан аса қарағай көшеті отырғызылды. 2025 жылы қосымша 4,8 мың гектар алқапқа ағаш отырғызу жоспарланған.

Тексеру қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев орман және оған іргелес аумақтардағы минералдандырылған өртке қарсы жолақтардың енін кеңейтуді тапсырды.

Сапар барысында вице-премьер Бесқарағай ауданына қарасты Батпаев орман шаруашылығына барып, орман қорғау қызметкерлеріне 26 шағын өрт сөндіру кешенінің кілтін табыстады. Сонымен қатар, келер жылы лизингтік қаржыландыру арқылы резерватқа 39 өрт сөндіру техникасын сатып алу көзделіп отыр.

Қазіргі таңда резерват құрамында 34 орман шаруашылығы жұмыс істейді. Резерватпен шекаралас шалғай елді мекендерге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен және спутниктік байланыс құралдарымен жабдықталған бақылау бекеттері орнатылған.

Сонымен бірге, орман өрттерін ерте анықтау үшін жалпы ауданы 600 мың гектарды қамтитын 36 мұнаралы арнайы бақылау жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жүйені 2025 жылдың шілдесінде толық іске қосу жоспарланған.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025
MalimBlocks
Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты