Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі не үшін ұсталғаны белгілі болды

Саясат
Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі не үшін ұсталғаны белгілі болды

Бүгін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов не үшін ұсталғаны айтылды. Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, экс вице-министр ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

«Ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастығы форумын ұйымдастыру туралы келісім жасасуға ықпал еткен. Сонымен бірге, форум өткізу сметасы негізсіз екі есе көбейтілген. Бұл бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына әкелді», - деді Арман Тілеукенов.

Сондай-ақ, қылмыстық жолмен табылған ақшаға алынған мүлік анықталып, тәркіленгенін атап өтті.  Ерлан Қожағапанов 2 айға қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Фото: ашық дереккөзден 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу