Ескі бас прокурордың орынбасары жаңа бас прокурор болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұрынғы мемлекеттік бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің бірінші орынбасары Берік Асылов жаңа бас прокурор болып тағайындалды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 03.03.2022

Бүгін жаңа бас прокурор Сенатта журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде Қаңтар қырғынында қайтыс болғандардың тізімін жарияланатынын айтты. Бірақ дәл қай күні екенін айта алмады.

Асылов бұған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары болған. 58 жастағы Жамбыл облысының тумасы әр жылдары Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында прокуратурада лауазымды қызметтер атқарған. Үйленген бес бала тәрбиелеп отыр.

Осыған дейінгі бас прокурор Ғазиз Нұрдәулетов қызметінен 25 ақпан күні босатылған.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауы салдарынан жаппай наразылық акциялары басталған. Кейіннен оларды елдің басқа өңірлері қолдап, экономикалық-әлеуметтік мәселелермен қатар, саяси өзгерістер де талап етілген. Елдің бірнеше өңірінде оқ атылған.

5 қаңтар күні үкімет отставкаға кетіп, президент газ бағасының түскенін хабарлады. Бұған қарамастан елде қарсылық жалғасып, интернет бұғатталып, билік «террористер шабуылдады» деген ақпарат таратқан. 6 қаңтар күні 2016 жылдан бері ҰҚК басқарып келе жатқан Кәрім Мәсімов «елге сатқындық жасады» деген айыппен ұсталды.

Оқиға салдарынан құқық қорғау органдары ғимараттары мен мемлекеттік маңызы бар обьектілер өртенген. Билік 20 мың «террорист» шабуылдады деген ақпарат таратқан. Төтенше жағдай 19 қаңтарға дейін жарияланған.

7 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ескертусіз оқ ату» туралы бұйрық бергені туралы айтқан.

Президент жағдайды тұрақтандыру үшін ҰҚШҰ елдерінен әскери көмек сұрады. Қазақстанға Ресей, Армения, Тәжікстан, Беларусь пен Қырғызстан әскері келді. 13 қаңтар күні оларды кері қайтару басталды.

Ресми ақпарат бойынша қаңтар оқиғасы салдарынан елде 227 азамат қайтыс болған. Оның ішінде әскерилер мен полицейлер саны – 19. Қайтыс болғандар арасында кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала бар.

Бас прокуратура қайтыс болғандар тізімін жариялаудан бас тартты. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин бейбіт адамдарға оқ атылмағаны туралы айтты.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Тоқаев Мажарстанға барады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді