Иран мен Израильде қанша қазақстандық бар? СІМ жауабы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Аталған өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәлімет бойынша, қазіргі уақытта Иранда 132, ал Израильде 219 Қазақстан азаматы бар. Дипломаттар отандастарымызбен тұрақты байланыста, – деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, қазіргі күрделі жағдайда аталған елдерде жүрген азаматтарға аса қажеттілік болмаса, тұрған жерінен шықпауға кеңес беріледі.
Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, ресми ақпарат көздерінен жаңалықтарды қадағалауға және жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындауға шақырамыз, – деп ескертті СІМ ресми өкілі.
Фото: report.az

Ең көп оқылған
