Иран мен Израильден 290-нан астам қазақстандық қайтарылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Иран мен Израильде жүрген 290-нан астам азаматын елге қайтарғанын мәлімдеді.
Қайтарылған азаматтардың 230 -ы Иран Ислам Респбликасында болған. Ал Изарильден қайтарылғандардың саны – 66.
Ираннан 230 Қазақстанды елге алдырдық. Қазіргі таңда бұл елде 50-дей азаматымыз қалып отыр. Оның көбі – дипломатиялық қызмет өкілдері, - деді ол ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Израильде әлі 170-тей азамат жүр.
Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль әуе күштері Иранды бомбалады.
14 маусымға қараған түні Иран армиясы Израильге жаппай зымырандық шабуыл жасады.
Фото: ҚР СІМ


Ең көп оқылған
