Иран мен Ресей Сирия арқылы қару-жарақ сатып келген. Енді не болады?
Иран Сирияда әскери базалар мен қару-жарақ қоймаларын құрып, өз қару-жарақтарын әрі қарай Ливан мен Ирактағы «Хезболла» сияқты топтарға жеткізіп отырған

Иран мен Ресей Сирия арқылы Ливан мен Ирактағы топтарға, соның ішінде «Хезболлаға» қару-жарақ жеткізіп отырған. Бұл туралы ВВС арнайы зерттеу мақаласын жариялады.
Басылымның жазуынша, бұл екі елдің Сириямен қарым-қатынасы әртүрлі себептермен маңызды болды: бір жағынан, Ресей мен Иран бұл елді стратегиялық серіктес ретінде пайдаланып, өз ықпалдарын нығайтуға тырысты, екінші жағынан, Сирия санкцияларға ұшырағандықтан, оны қару-жарақ жеткізу үшін транзиттік жол ретінде қолданды.
Иран мен Ресей талай жылдан бері Асад режимін қолдай отырып, Сирияны өздерінің қару-жарақтарын тасымалдайтын және саудалайтын алаңына айналдырған
ВВС Сирия Иран мен Ресей үшін қару-жарақ жеткізудің маңызды өткелі болды. Олар өздерінің әскери техникаларын Сирия арқылы Ливан, Ирак және басқа да елдерге жеткізген. Бұл операциялар көбінесе жер арқылы немесе Сирияның инфрақұрылымын пайдаланып жүзеге асырылды, деп жазады.
Осы арқылы олар өздерінің Таяу Шығыстағы және әлемдегі әскери мүдделерін қорғап келген. Сондай-ақ, әскери қару-жарақ сату мен таратудан қыруар пайда тапқан.
Айталық, Иран Сирияда әскери базалар мен қару-жарақ қоймаларын құрып, өз қару-жарақтарын әрі қарай Ливан мен Ирактағы «Хезболла» сияқты топтарға жеткізіп отырған. Зертетуге сүйенсек, Сирия жерінде жоғары технологиялық қару-жарақ пен дрондар шығарған әрі оларды әртүрлі елдерге экспорттаған. Олардың ішіне жоғары технологиялық қару-жарақтар, оның ішінде С-300 жүйелері мен басқа да қорғаныс жүйелері, сондай-ақ дрондар мен зымырандар кірді. Иран сонымен қатар дрондар мен зымырандарды өндіру технологиясын таратып, оларды басқа да елдерде пайдалануға мүмкіндік берді.
Асад билігі құлады. Енді не болады?
Басылым Ресей мен Иран өз мүддесінен бас тартпайды. Оларға енді жаңа серіктестер керек. Асадтың билігі құлағандықтан, Иран мен Ресей өздерінің стратегиялық мүдделерін сақтап қалуға тырысса да, бұл оларға қиындық туғызуы мүмкін. Дегенмен, Ресей мен Иран жергілікті күштерді қолдап немесе жаңа одақтастар табу арқылы өз ықпалын сақтауға тырысуы ықтимал.
Жаңа үкімет пен халықаралық жағдай: Егер Сирияның жаңа үкіметі батысқа икемделсе немесе оларды АҚШ пен ЕО қолдайтын болса, Иран мен Ресейдің мұндай жағдайда қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға мәжбүр болады немесе жаңа логистикалық жолдарды іздеуге тура келеді. Мұндай жағдайда екі елге санкциялар күшеюі мүмкін.
Иран әлі өзінің прокси күштерін, мысалы, «Хезболла» секілді топтарды қолдауды жалғастыруы мүмкін. Бұл жағдайда олар қару-жарақты басқа елдер арқылы, мысалы, Ирак немесе Ливан арқылы жеткізу жолдарын іздеуге барын салады.
Ал Ресей үшін Сирия аймағында ықпалын сақтау маңызды. Асад билігі құлағандықтан, Ресей басқа күштерді, мысалы, сириялық күрдтерді қолдап, өзінің мүддесін сақтауға тырысуы мүмкін.
Фото: ВВС
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
