Изолятордағы пышақталу: "Өз-өзіне қол салды дегеннің барлығы өтірік"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 02.04.2021

7 айдан бері Қызылорда тергеу изоляторында қамауда отырған саяси белсенді Мұратбай Баймағамбетовтың сәуірдің 1-і күні пышақ жарақатымен ауруханаға түскені хабарланды. Әлеуметтік желіде белсендінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығы жөнінде ақпарат тарауда.

Мұратбай Баймағамбетовтың жұбайы Гүлбану Піржанова күйеуінің өз-өзіне қол салмақшы болғанына сенбейді, «оның барлығы өтірік» дейді.

«29-ы күні соты болған. Содан кейін рұқсат алып, сөйлесіп қайтқанбыз. Салмақты болатын. Ондай ешқандай ойы жоқ. «Өз-өзіне қол салды» дегеннің барлығы өтірік. Шешіміне көңілі толмайтындай оған әлі шешім шыққан жоқ қой. Ешқандай да қол салмайды өз-өзіне. Ол ондай адам емес», - дейді Піржанова.

Гүлбану Піржанованың сөзінше, оларды карантин деп Мұратбай Баймағамбетов жатқан ауруханаға кіргізбеген. Кейіннен тергеуші хабарласып, тергеу изоляторынан скайп арқылы сөйлесе аласыздар деген.

«Бізді карантин деп ауруханаға кіргізген жоқ. Жаңа ғана изолятордан Ардақ деген тергеуші хабарласты. «Келіңіздер, скайппен қосып береміз, сөйлесесіздер», - деп... Бізге ешкім ешқандай ақпарат берген жоқ. Ішін 12 сантиметр ұзындықта кескен, "кожа и подкожная жировая клечатка повреждена" дейді. Бірақ ол болатын болса, ота ұзақ болмайды ғой. Операция 3 сағаттай болды», - дейді Піржанова.

Қызылорда көпбейінді қалалық ауруханасының дәрігері Бауыржан Төлегенов Азаттық радиосына "Мұратбай Баймағамбетовтың жағдайы тұрақты ауыр" екенін айтқан.

Болған оқиғаға байланысты полиция әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Мұратбай Баймағамбетов Қазақстан аумағында экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстан демократиялық таңдауы» (Еуропарламент бейбіт оппозициялық ұйым деп таныған) қозғалысын қолдағаны үшін істі болған. Бұған дейін белсенді бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған. 2020 жылы құқық қорғаушылар Баймағамбетовты «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.

Байланысты жаналықтар

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025

Қызылордада 16 жасар қызды секс-құлдыққа ұстаған басты күдіктілерге сот үкімі шықты

03.04.2025

Қызылордада дәрігерлердің емінен соң екі жасар қыздың көзі көрмей қалған

30.03.2025

Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікке тартқан 217 адам жазаланбайтын болды

01.02.2025

Қызылордада су торабының 5 жыл бұрын тоқтаған құрылысы енді бітті

31.01.2025

Қызылордада полиция есірткі фитозертханасын жапты

29.01.2025
MalimBlocks
Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген