Мәминнің мырзалығы және 361 "халявщик"

Олжас Қасым

  • 27.04.2020

Асқар МАМИН үкіметі қандай кәсіпорындарды қолдамақшы? Премьер-министрдің төрағалығымен Қазақстандағы жүйеқұрушы кәсіпорындарды қолдау шаралары қаралған-ды. Бас-аяғы 361 кәсіпорынға мемлекет бюджетінен қаржылай көмек берілмек. Яғни бұл – халық есебінен жиналған салықтың ақшасы.

Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ 25 сәуір күні тізімді таныстырды. Онда көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлікті жалға беру, тұрғын үй сату,  тау-кен өндірісі т.б кәсіпорындар бар. Ең қызығы, Air Astana, АлматыЭнергоСбыт сынды компаниялар да бюджеттен көмек алуға дәмелі. Әрине, оларға 42 500 теңден берілмес.

Тәуелсіз сарапшылар экономикаға пайдасы жоқ, халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етпейтін кәсіпорындардың тізімге еніп кеткенін айтады.

«Тізімді көргенде таңқалдым. «Astana Motors», «Allur Auto» қандай көмек керек? Автосалондар шетелдік көліктерді алып келіп қымбатқа сатып жатыр. Түк өндірмейді. Және бұл салаға ешкімді жолатпайды. Бұл бизнес емес қой. Совет кезінде бұндайларды «спекулянт» дейтін. Нұрлан Смағұловтың иелігіндегі  MEGA сауда ойын-сауық орталықтары да үкімет көмекгіне мұқтаж екен. Күлкілі. Тек өз ғимаратына жалға беруді ғана білетін Смағұловқа бір тиын беруге болмайды. «BI GRUP» құрылыс компаниясына да не үшін көмек беру керектігін түсінбеймін. Элиталық үй салатын компания 70-90 мың теңге алатын халыққа шаршы метрі 400-500 мың теңге тұратын пәтер сатады. Бұлардың арасында энергетика саласындағы монополист компаниялар да жүр. Қазақстанда қаншама рет инфляция болды. Сол кезде бұлар халыққа жеңілдік жасады ма? Тек тарифті ғана өсіруді біледі. Карантинен кейін халық шетелдік авто мен элиталық тұрғын үйден пәтер алып, «MEGA»-да қыдырмайды. Бұл компаниялардың барлығын тізімнен алып тастау керек», -дейді экономист Айдар ӘЛІБАЕВ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Экономист жоғарымен тамыр-танысы жоқ шағын, орта бизнес пен нақты өндіріспен айналысып жатқан кәсіпкерлерге көмек көрсетілуі тиіс деп отыр. Сондай-ақ, жәрдемге зәру болып қалған алпауыттардың қалай тізімге кіргенін анықтау керек дейді.

Билік пен бизнес араласып кеткен Қазақстан үшін бұлай болуы заңды. Мәселен Forbes журналында шенеуніктердің ет-жақындары жүреді. Бір ғана мысал Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫНЫҢ ұлы Талғат АХМЕТОВ  2017 жылы 145 мың АҚШ долларымен жарқ еткен еді. Сондықтан да саяси элитаның халықтың салық есебінен жарылқағысы кеп тұратын кәсіпкерлері бар.

«Бұндай тізім бұдан бұрын Ресейде шыққан. Ресей үкіметі бекіткен 20 наурыздағы тізімде 246 компания болған. Кейін ол сәуірдің басында 646-ға артты. Қазақстан билігі Ресейдің жасағанын қайталап отыр. Бізде де олигархиялық биліктің мүддесі алға шығып отыр. Біздің шенеуніктер түрлі бизнестің лоббисті. Кімнің таныс-тамыры мықты солардың компаниялары ел қазынасынан көмек алады. Алда 361 компаниядан тұратын Қазақстан үкіметінің тізімі Ресейдегідей өсуі әбден мүмкін. Бұл бір жағынан экономикалық құрлымды да көрсетті», - дейді саясаттанушы Шалқар НҰРСЕЙІТ МӘЛІМ КЗ сайтына берген сұхбатында. 

«EL TIREGI» өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы да бұл бұл тізімге өз пікірлерін білдірді. Олар бұл тізімді толықтай жойып, оны жасаған шененуніктерді жазалау керектігін мәлімдеді.

«Бұл тізімде 218 құрылыс компаниясы жүр. Оның 80-і бір адамның иелігінде. Сондай-ақ тізімге бірде-бір нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорын кірмеген. Қауіпсіздік кеңесінде елбасы Нұсұлтан НАЗАРБАЕВ  өз өндірісімізді дамыту керек деді. Мемлекеттік ақшасын оңды-солды бейберекет жұмсау – қылмыс. Бұқараға, шағын, орта бизнес пен фермерлерге мемлекеттік қолдау керек кезде олигархтарға жаны ашыған  үкіметтің бұл әрекеті халықтың бетіне түкірумен бірдей», - деп мәлімдеме жасады «EL TIREGI» өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ кеңесшісі, қаржыгер Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ бұл мәселе қатысты өз ойын әлеуметтік желіде білдірді. Мүлдем бекітілмеген кәсіпорындар тізімі қалайша желіге тарап кетті деп ах ұрған  президент кеңесші еш уайымдаудың қажеті жоқ деп сабырға шақырды. Бұл бар-жоғы жұмыс процесі екен. Нақты тізім жасалып біткенше әлі талай талқыланатынын жеткізді.

Фото: kaktakto.com

 

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

СШО: Билік Қаңтар оқиғасын саяси қарсылық ретінде мойындауы керек

11.02.2022

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

13.10.2021

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

11.08.2021

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

09.07.2021

Министр Райымқұлова – ойыншық

20.05.2021
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

СШО: Билік Қаңтар оқиғасын саяси қарсылық ретінде мойындауы керек

Қазақстанда Саяси шешімдер орталығы құрылып, алғашқы отырыста сарапшылар Қаңтар оқиғасына баға берді. Онлайн жиынға LLM, PhD кандидат, гендерлік экономиканы зерттеуші, SDU оқытушысы Әйгерім Құсайынқызы, антрополог, PhD кандидат, Саяси шешімдер орталығының сарапшысы Динара Әбділда, зерттеуші (NARXOZ университеті), саяси экономика бойынша PhD Қайрат Молдашев, әлеуметтанушы, PhD кандидат, PaperLab зерттеу орталығының жетекшісі Серік Бейсембаев қатысты. Жоба модераторы - Шалқар Нұрсейітов.

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

Ал «цифрландыруға бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалғаны үшін кім жауапты?» деген сұрақ елеусіз қалған сияқты.

Мамин мектептерді ашпақшы. Қауіп жоқ па?

Болат Атабаевпен екінші сұхбат

Министр Райымқұлова – ойыншық