457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәсімов табылмай жатыр - тапқан адамға 12 млн теңге беріледі

Іздестірілушінің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы тағайындалды

Антикор Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жариялады. Ол аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін ізделініп жатыр. 

Айта кетейік, 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облыстық полиция басқармасын 2019 жылдан бері басқарып келген. 17-қаңтар күні ол жемқорлық фактісіне байланысты қызметінен босатылған. 22 сәуірде Нұрлан Мәсімов аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Сот оны қамауға алуға санкция берген болатын.

Антикор өкілдері іздестірілушінің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы тағайындады. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.