Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

8 мамырда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Мәскеуге барды. Кремльде ол Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Кездесу барысында екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуына орай өтетін алдағы мерейтой, Жеңістің маңыздылығына қатысты ортақ түсінік, сондай-ақ Ресей мен Қытай арасындағы ынтымақтастық әңгіме болды. Ресей көшбасшысы қытайлық әріптесіне Жеңістің 80 жылдығын Ресеймен бірге атап өту туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді.
Біздің халықтарымыздың сол ауыр соғыс жылдарында қалыптасқан жауынгерлік бауырластығы – қазіргі Ресей-Қытай қатынастарының, жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара әрекеттестіктің іргелі негіздерінің бірі. Біз өзара байланыстарымызды екі ел халқының игілігі үшін дамытып отырмыз және бұл ешкімге қарсы бағытталған емес, — деді Путин.
Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі