Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Айтуынша, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсткен.

Malim Админ

  • 13.03.2024

Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы Соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артты.

Мемлекет басшысына сот реформасының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, депутаттық корпуспен бірлесе отырып, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер жөнінде бастама көтерілді. Атап айтқанда, заңды өрескел бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғау институтын қайта қарау, сот төрелігінің сапасын тексеретін комиссия жұмысын жетілдіру, дербес кассациялық саты құру ұсынылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды деп санайды.

Байланысты жаналықтар

Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды

10.10.2024

Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды

03.09.2024

Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды

02.09.2024

Денис Теннің өліміне кінәлі адам Жоғарғы сотқа шағым түсірді

06.08.2024

Ер адам бұрынғы әйелінен екі қызын сот арқылы тартып алды

31.07.2024

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

30.07.2024
MalimBlocks
Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды

Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды

Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды

Бұл туралы ақпаратты Жоғарғы сот берді

Денис Теннің өліміне кінәлі адам Жоғарғы сотқа шағым түсірді

Ер адам бұрынғы әйелінен екі қызын сот арқылы тартып алды

Бұған куәгерлердің айғақтары дәлел болды.

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Оның айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.