Ресейде «Талибан» террористік ұйымдар тізімінен алынып тасталды

Ресейдің Жоғарғы соты Бас прокуратураның «Талибан» қозғалысының қызметіне тыйымды тоқтату туралы талабын қанағаттандырды. Шешім бірден күшіне енеді, деп хабарлайды Malim.kz РБК сайтына сілтеме жасап.
Еске салсақ, «Талибан» қозғалысы 2003 жылдың наурызында Ресейде террористік ұйым деп танылған. Ал 2024 жылы Сыртқы істер министрлігі мен Әділет министрлігі бұл ұйымды тыйым салынғандар тізімінен алып тастауға болатыны жөнінде Владимир Путинге баяндама жасаған. Путин бұл туралы пікір білдіре отырып, «Кабулмен қарым-қатынасты бір жолға қою қажет» деген болатын.
Айта кетейік, «Талибан» 2021 жылдың тамызынан бері Ауғанстан билігін қолында ұстап отыр. Осы уақыттан бастап елдегі әйелдердің құқықтарына байланысты жағдай едәуір нашарлады. Атап айтқанда, талибтер әйелдерге өзара дауыстап намаз оқуға және қоғамдық орындарда сөйлесуге тыйым салды.
Фото: Alexander Zemlianichenko/AFP

Ең көп оқылған
