Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды

Арман Қайыпхан

  • 10.10.2024

Жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді өлтірген екі жігіттің жазасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың адвокаттары тамыз айында Жоғарғы сотқа екеуін де ақтап алу туралы шағым түсірген.

«Судьялар істі кассациялық сотқа жіберуден бас тартты», - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осылайша, Жоғарғы сот істі кассациялық сотқа жіберетіндей соттың немесе тергеудің жұмысынан қандай да бір құқық бұзушылықты немесе өзге де негізді таба алмаған.

Естеріңізде болса, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде кісі қолынан қаза тапты. Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар, Жанар Толыбаева ҚР ҚК «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол орташа 4 жылға сотталып, 2021 жылы бостандыққа шықты.

Фото: esquire.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар 4,6 млрд теңгесін бір алаяққа беріп жіберген

28.05.2025

Судья өзгермейді: Шерзат Болат ісіндегі қорғаушы шағымы кері қайтарылды

28.05.2025

Алматы облысындағы оқушының өлімі: ІІМ оқиғаның мән-жайын айтты

28.05.2025

Енді қыз алып қашуға қатысты жауапкершілік күшейтілмек

28.05.2025

300 мың доза мефедрон: Астанада халықаралық есірткі тобы ұсталды

27.05.2025

Кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды

27.05.2025
MalimBlocks