Назарбаев иеленген жерлер қайтарылып жатыр

Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер

Malim Админ

  • 02.02.2023

Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров айтты.  Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар 59 жер учаскесі анықталды, олардың меншік иесі күмәнді жағдайларда Болат Назарбаев болған.

Ерлан Саировтың пікірінше, қоғамдық кеңеске Алматы облысындағы бір топ адамнан заңсыз әрекеттер туралы арыз түскен. «Бас прокуратураға Алматы, Талғар, Астана, Қаскелең және Түркістан облысындағы 244 гектар жер бойынша сауал жолдадық. Қазір Бас прокуратура өкілдері бұл жерлердің көпшілігі заңсыз берілгенін анықтады. Бас прокуратура бұл жерлерді мемлекетке қайтару үшін іс-қимыл жүргізіп жатыр».  

Бүгін Қытайдан жүк тасымалдайтын монополист Eurotransit Nur Zholy  ЖШС-не қатысты да сотқа дейінгі тергеу аяқталды Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы жалғыз оператор аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (яғни 3 шақырымға) заңсыз жолмен қымбаттатқан.

Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңге болған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд. теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті. Білетіндердің айтуынша, бұл компания да Болат Назарбаевқа тиесілі.     

Байланысты жаналықтар

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Болат Назарбаев акцияларын мемлекетке қайтара ма?!

16.03.2023

Болат Назарбаев ауырмапты. Тұсау кесіп жүр

10.03.2023

«Жағдай толық анықталды». ҰҚК Челахтың  шағымы туралы айтты 

16.02.2023

Нығматулиндер түрмеге жапқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

16.02.2023
MalimBlocks
Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

Ол сотқа келмей қалған

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Болат Назарбаев акцияларын мемлекетке қайтара ма?!

Келісімшарт бойынша ешқандай міндеттемелерді орындамаған

Болат Назарбаев ауырмапты. Тұсау кесіп жүр

Ұзақ уақыттан бері науқас екендігі, арбаға таңылып отырғаны көрсетілген-ді

«Жағдай толық анықталды». ҰҚК Челахтың  шағымы туралы айтты 

Қылмыстық іс жүрді

Нығматулиндер түрмеге жапқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ол 10 жылдан астам уақыт түрмеде отырды