Назарбаевтың шарапатын көрген банкирлер Тоқаевқа жәрдемдесе ме?

Олжас Қасым

  • 31.03.2020

Динара ҚҰЛЫБАЕВА, Болат ӨТЕМҰРАТОВ, Владимир КИМ, Александр МАШКЕВИЧ президент ТОҚАЕВТЫҢ сөзіне құлақ аса ма?

Бүгін президент Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ елдегі төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Республикалық телеарналардың эфиріне шыққан президент коронавирус індетіне қатысты шешімдерін жариялады.

Сондай-ақ, Қазақстандағы банк иелеріне де бір қайрылды.

«Көптеген кәсіпкерлер төтетенше жағдай кезінде банктерге несиенің пайыздарын тоқтатуды бұйырыңыз дейді. Бұл банктер үшін пайдадан қағылу. Банк жүйесі де экономиканың бөлінбес бір саласы. Сондықтан екінші дәрежелі банктерге тағы айтарым, азаматтық жауапкершілікті сезініп, ымыраға келсеңіздер. Қиын кезде мемлекет банктерге айтарлықтай жәрдем көрсетті. Енді сіздердің отандық бизнес пен халыққа қолдауларыңыз керек», - деді президент.

Мемлекет басшысының сөзі рас. 2009 жылы «БТА Банк», «Қазкоммерцбанк» (қазір Халық Банк құрамында), «Халық Банк», «Альянс Банк» (қазір Форте Банк құрамында) Самұрық-Қазына қорынан 476 млрд теңге алған болатын.

2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысына орай сол кездегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық қордан қаржы саласына 4 млрд АҚШ долларын бөлген еді.

Жалпы экономикаға тіреу болатын екінші дәрежелі банктердің керісінше үкіметке масылдығын тәуелсіз сарапшылар сан рет айтқан. 2009 жылдан 2017 жылға дейін қаржы институттары үкіметтен, Самұрық-Қазына, Ұлттық қор мен проблемалық несие қорынан ақша алып тұрды. Олигархтар: Алиджан ИБРАШИМОВ, Александр Машкевич, Патох ШОДИЕВТАР да «Еуразиялық Банктерінің» шатқаяқтап кетпеуі үшін халықтың салығынан жиналған ақшаның игілігін көрді.

Қысқасы, енді банктердің де жақсылыққа жақсылықпен жауап беретін уақыттары жетті. Бастысы біздегі банк иелері билікпен қазақша айтқанда ішек-қарыны араласып кеткен.

2019 жылдың қортындысы бойынша Қазақстандағы рейтингі ең жоғарғы банк -  «Халық Банк». Оның иелері Тимур және Динара Құлыбаевалар екені барлығыны мәлім. ФОРБС  журналының жазуынша, соңғы бір жылдың таза табысы 284,7 млрд теңге.

Бір кезде құрамына «Темір Банк» пен «Альянс Банкті» қосып алған «Форте Банкте» Қазақстанның саяси аренасында салтанат құрған «Nur Otan» партиясынан алыс емес. Бұл қаржы институтының қожайыны экс-президент, «Nur Otan» партиясы төрағасы, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ серігі Болат ӨТЕМҰРАТОВ. Ол елшілік қызметте, президент әкімшілігінде еңбек етті. Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ көмекшісі  де болған-ды. Және билік партиясының белді мүшесі.

Ал «АТФ Банк» иесі болса Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ күйеу баласы Ғалымжан ЕСЕНОВ.

Айтпақшы, еліміздегі ең дәулетті кәсіпкер, «РБК Банк» иесі Владимир КИМ де «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Осылай тізімді жалғастыра беруге болады. Біздегі банк акционерлерінің биографиясын мұқият зерттесеңіз түбі шенеуніктерге барып соғыласыз.

Банк жүйесі мен билігі араласып кеткен Қазақстанда президент Тоқаев сөзі жерде қалмас деп үміттенеміз. Қойы қоралас банкирлер мен саяси элитамыздың араластығы бір игілікті іске жараса дейсің ғой.

 

Байланысты жаналықтар

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Орыс газы қазақ пен өзбек газына қосылғысы келеді

29.11.2022

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

26.11.2022

Президент барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдайды

11.11.2022

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

12.10.2022

Жұрт күткен Тасмағамбетов, үнсіз қалған Әбілов – Президенттікке кандидаттар анықталды

11.10.2022
MalimBlocks
Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Орыс газы қазақ пен өзбек газына қосылғысы келеді

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысын қолдап, үш жақты газ одағын құруды қолдады».

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі мен ұлықтауы шарасы өтті. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде екінші мәрте ұлықталуы.

Президент барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдайды

Баспасөз хатшысы түсініктеме берді

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

Елеусізов пен Қосановтың ізбасарлары Жаңа Қазақстанда да көп.

Жұрт күткен Тасмағамбетов, үнсіз қалған Әбілов – Президенттікке кандидаттар анықталды

Президент сайлауына кандидат ұсыну тоқтатылды. Талапқа сәйкес 11 қазан күні 18:00-ге дейін ұйымдар мен бірлестіктер өз кандидаттарын ұсынып үлгеруі керек. Кім үлгерді, кім бұғып қалды?