Nur Otan: Дауыс беру азаматтық борышың!

Malim Админ

  • 21.12.2020

«Nur Otan»  партиясының үгіт-насихаты Атырау облысы, Мақат ауданында да қызу жүріп жатыр. Сайлауалды штаб мүшелері мен сенімді өкілдер «Дауыс беру азаматтық борышың!» акциясымен  Бәйгетөбе тұрғындарымен кездесті. Ашық аспан астында,  санитарлық талаптар сақталған басқосуда партия өкілдері тұрғындарға 2025 жылға дейінгі партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Сондай-ақ, пікір алмасуда  ауылішілік жол салу, көше жарығын жолға қою, балаларға спорттық ойын алаңы мен мәдени орталықтың керектігін айтып, жұмыссыз жастарды қолдау секілді ұсыныстарын ортаға салды.

«Бұл еркін сайлау - халық таңдауы. Елде жаңа саяси күштер қалыптасуда. Біздің ойымызша бұл елімізде саяси тұрақтылық пен парламенттік демократия өзінің эволюциялық жолымен дамып келеді. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған 29 жыл ішінде үлкен сындарлы жолдардан өтті. Әрине, бұл тарихи өлшем тұрғысынан алғанда аз уақыт. Еліміздің осы уақыт ішінде жүріп өткен жолы, қабылдаған шешімдері бір дәуірге лайықты. Сол себепті жұртшылық сайлауда үлкен саяси сауаттылық пен мәдениеттің үлгісін көрсетеріне сенемін», - деді штаб төрағасы Қуаныш Исмағұлов.

Ауыл тұрғындары бұл сайлауда еліміздегі беделді "Nur Otan" партиясын қолдауға дайынбыз деді.

 «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген көлік өртенді

08.06.2024

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021
MalimBlocks
Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген көлік өртенді

Оларды құтқарушылар аман алып қалған

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда