Нұр-Сұлтан әкімі инвестиция іздеп жүр

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 10.02.2021

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халықпен кездесуінде LRT құрылысына қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол атышулы құрылыс нысанын қайта жандандыру үшін инвесторлар іздестіріліп жатқанын айтты.

«Иә, аяқсыз қалған құрылыс нысандары қалаға көрік бермейді. Қыруар қаржы жұмсалды. Сол себепті жұмысты ары қарай жалғастырамыз. Қазір инвестиция тарту мақсатында банктермен келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді Көлгінов.  

2019 жылдың жазында сол кездегі қаржы министрі Әлихан Смаилов LRT құрылысына Қазақстан Қытайдың мемлекеттік даму банкінен 1,5 млрд доллар қарыз алып, оның 344 миллионы құрылысқа жұмсалғанын мәлімдеген. Бұдан бөлек, ол LRT төңірегіндегі даудан кейін Қытай тарапы қаржыландыруды тоқтатқанын, енді үкімет құрылысты аяқтау үшін 1,2 млрд доллар қаржы бөлуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Мысыр пирамидасына бергісіз алып «Astana LRT» құрылысы 2011 жылы басталып,  2020 жылы аяқталуы тиіс болған. Бірақ қазір елорда көшелерінде халық арасында «жемқорлық символы» аталынып кеткен бетон бағаналар ғана тұр. Биыл құрылыстың 10 жылдық юбелейі.

LRT құрылысының қаржысын жымқырды деген айыппен «Astana LRT» басшысы Талған Ардан мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу жарияланған.

Байланысты жаналықтар

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

05.10.2022

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021

2023 жылы астана толық газдандырылады

06.10.2021

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

16.09.2021
MalimBlocks
А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

2023 жылы астана толық газдандырылады

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды