Нығматуллин Қазақстанды африкалық елдермен салыстыруды ұсынды

Malim Админ

  • 21.10.2020

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Мәжіліс отырысында Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы сөз қозғады.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам жасаған депутат, 2021 жылы Қазақстанның қарызы ЖІӨ-нің 30,3 пайызына, 2022 жылы 30,5  пайызына тең болатынын айтты. 2025 жылы 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, мемлекеттің қарызы 25 триллион 692 миллиард теңгеге жетеді екен. Үкіметтің есебінше, биылдың өзінде мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 29,2 пайызына тең.

Мемлекеттің қарызы көбейген сайын республикалық бюджетке ауырпалық түсіп жатыр. Жыл өткен сайын қарыз өтеу қызметі де өсіп келеді.

«Депутаттар мемлекеттік қарыз мәселесін бірнеше рет көтерді. Бірақ көріп отырғанымыздай, барлық лимит бұзылып келеді. Бұл жағдайды өзгерту үшін қандай шара қолданасыздар?», - деді Дания Еспаева.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылы қарызды жабу ЖІӨ-нің 12 пайызына тең болғанын, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 23 пайызға жететінін айтты.

«Мемлекеттік қарызды өтеу үш бағытта жүріп жатыр. Бірінші, бюджеттік дефицитті қысқарту. 2021 жылдан бастап дефицитті ЖІӨ-нің 3,4 пайызына, 2023 жылы 2,1 пайызға қысқартамыз», - деді Руслан Дәленов.

Руслан Дәленов президент Тоқаевтың Халыққа жолдауында тапсырма бергенін, соған байланысты мемлекеттің ақшасын сақтауға, қарыз тұрақтылығын қамтамасыз етуге барын салып жатқанын айтты.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, мемлекеттің қарызы қауіпсіз жағдайда екенін айтты.

«Біз бұған күн сайын мониторинг жасап отырмыз. Қазір жағдай қиындап, дефицинт көбейіп кеткені мәлім. 2022-2023 жылдың республикалық бюджет жобасы 2023 жылы 2,1 пайызға қысқарады. Біз қарызымызды өзге мемлекеттермен рейтинг анаологиясы бойынша салыстырып отырамыз. Мысалы Түркияның мемлекеттің қарызы ЖІӨ-нің 40 пайызына, Мексиканың қарызы ЖІӨ-нің 55 пайызына, Индонезияның қарызы ЖІӨ-нің 37 пайызына тең», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрінің жауабы «Құдая таубә» десеңдерші дегендей әсер еткен болуы керек, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин: «Сендер тағы африкалық елдермен салыстырмадыңдар ма? Оданша мемлекеттің қарызын қалай реттейтіндеріңді, үш жылдық бюджеттік жоспарды қалай орындайтындарыңды айтыңдар» деп министрдің сөзін бөлді.

«Біз ең бірінші ұлттық валютаны қолға аламыз. Оның үстіне қарыз құрылымына да талдау жүргіземіз. Мемлекет кепілдігімен жобаларды таңдаймыз. Өзіңіз білетіндей, жыл сайын кепілдендірілген мемлекет қарыз лимиті республиклық бюджетте белгіленеді», - деді Жамаубаев.

Жамаубаевтың жауабына қанағаттанбаған Нығматуллин: «Министрдің жауабы жоқ. Әлихан Асханұлы, көмектесіңіз», - деді.

«Жаңа айтылғандай мемлекеттің қарызы қауіпсіз жағдайда. 27 пайыз деп белгіленген лимитті өзіміз концепция незігінде іштей бекіткенбіз. Халықаралық ұйымдар бұл лимитті ЖІӨ-нің 50 пайызына дейін белгілейді. Қазіргі әлемдегі жағдайдың қиындығына байланысты ЕО елдеріндегідей лимитті көбейту қарастырылып жатыр. Тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады», - деді Әлихан Смаилов.

Байланысты жаналықтар

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

14.11.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024
MalimBlocks
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Бұрын одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіленген еді

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан мен Польша арасындағы байланыс дамып келе жатқанын атап өтті

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған