freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері ынтымақтастықты нығайтуды талқылады

Саясат
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері ынтымақтастықты нығайтуды талқылады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Қырғызстан Президентінің пікірінше, жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық реформа мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты.

Тараптар қазақ-қырғыз сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу