freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда шетел азаматтарына арналған казино аймақтары кеңейеді

Қоғам
Қазақстанда шетел азаматтарына арналған казино аймақтары кеңейеді
depositphotos.com/lacheev

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласы мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды. Құжатта, сонымен қатар, елімізде ойын бизнесі нысандарын орналастыруға рұқсат етілетін аумақтар тізімі кеңейтілген. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

Енді елдің бірнеше өңірінде жаңа ойын аймақтары ашылуы мүмкін. Заңға сәйкес, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар орналастырылатын аумақтар тізімі кеңейтілді.

Бұған дейін мұндай ойын аймақтары Қапшағай мен Бурабай өңірлерінде ғана болған. Енді жаңа ойын аймақтары Маңғыстау облысы, Жетісу облысы, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумақтарында ашылмақ. Депутат Амангелді Есбайдың айтуынша, жаңа ойын аймақтарындағы казиноға тек шетел азаматтарының кіруіне рұқсат беріледі.

Депутат Амангелді Есбайдың айтуынша туризм саласындағы кейбір маңызды мәселелерді шешуге назар аударылды.

Заңда визит-орталықтардың мәртебесі туристік инфрақұрылымның жеке нысаны ретінде заң жүзінде бекітілді. Сондай-ақ олардың туристік бағыттарда орналасу тәртібі, салу, қайта жаңарту және жабдықтау ережелері анықталды.

Сонымен бірге халықаралық тұрақты автобус рейстеріне ғана емес, туроператорлар ұйымдастыратын тұрақты емес рейстерге де мемлекеттік шекарадан өту мен құжат рәсімдеу жеңілдетіледі.

Депутаттың айтуынша, заңда туризм саласындағы бірқатар ұғымдар да нақты анықталады. Олардың қатарында гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы, туристік ресурстар және туризм нысандары бар.

Заңдағы тағы бір өзгеріс балалар-жасөспірімдер спортын қаржыландыру жүйесіне қатысты.

Балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыратын бірыңғай оператордың есебі енді жыл сайын аудиттен өтеді. Сонымен қатар, мемлекеттік спорт мектептерінде әр оқушыға бөлінетін қаржы мөлшері нақты анықталады

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу