Қазақстанның экс-резиденті Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Назарбаев мемлекет басшысы өкілеттігінен жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және билік сабақтастығын сақтау мақсатында қабылданған.
«Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін», – деді ол.
Тұңғыш президенттің сөзінше, қазіргі кезеңде Қазақстанды одан әрі нығайтып, халықаралық беделін арттыру маңызды. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ ол бүгінгі рефе Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.рендумның да маңызы зор екенін айтып, оны қолдайтынын жеткізді.
«Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін», – деп түйіндеді Назарбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Қазақстандағы келесі президент сайлауы 2029 жылы өтетіні айтқан еді.