freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде жүзге жуық мүгедектің жеке көмекшілері жәрдемақыларын ала алмаған

Құқық
Өскеменде жүзге жуық мүгедектің жеке көмекшілері жәрдемақыларын ала алмаған
Хабар24

Шығыс Қазақстан облысында мүгедектердің жүздеген жеке көмекшілері заңды жәрдемақыларын ала алмаған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Өскемен қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында I топтағы мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсететін жеке көмекшілердің еңбекақысын төлеу кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Тексеру нәтижесінде 317 көмекшіге төлемдерді есептеу кезінде заңнамада көзделген, радиациялық қауіптілігі жоғары аймақта жұмыс істегені үшін 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі үстемеақы қолданылмағаны белгілі болды. Өскемен қаласы осындай аймаққа жатқызылған. Соның салдарынан қызметкерлер тиесілі қаражаттарын толық көлемде алмаған», - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған үстемеақы еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін тұлғаларға да, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет атқаратын адамдарға да міндетті түрде төленуге тиіс.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 2025 жылдың басынан бастап төлемдерді қайта есептеу бастамасы көтерілді. 317 қызметкердің бұзылған құқықтарын толық қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені қабылданды», - деп айтылған хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу