Оразбек Сәрсенбаев: «Мұндай аңқау қызды көрген емен...»     

Malim Админ

  • 13.11.2022

Жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың "Өмірнама" атты күнделігіндегі жазбаларды  жариялауды жалғастырамыз. Бұған дейін қаламгердің Сәбит Мұқанов, Қуандық Шаңғытбаев, Әбіш Кекілбаев, Қалмақан Әбдіқадыровтармен қарым-қатынасы туралы жазбасын ұсынған едік. Бұл жолы жазушы студенттік жылдардағы «ғашығы» туралы жазыпты.


4 маусым 1958 жыл  

«20 лет спустяны» оқып біттім.  Қызық кітап екен. Бұрын батыс әдебиетімен таныс емес едім. Орыс тіліндегі кітаптарды ғана жиі оқитынмын. Луначарскийдің «Статьи о советской литературе» деген кітабын сатып алдым. 

6 маусым 1958 жыл 

Сабаққа бардым. Үзіліс кезінде тақтаға сурет салып жатыр едім, курстас қыз Шара Ибрагимова:

- Дүниеде осы Оразбектей ешкім сурет сала алмайды,-деді. Курстасымның бұл сөзі қытығыма тиді.  

- Шырағым, былжырай бермеші, - дедім қолымды сілтеп.

          Қыз менің қасыма келіп:

- Онда өзімнің жігітіме барамын,-деп маған сынай қарап тұрды. 

Оның бұл қылығы да ұнамады.

- Сені кім ұстап тұр. Бара бер! – деп бұрылып кеттім.  

Әңгіме былай: екінші семестрден бастап осы қыз маған өтірік ғашық бола бастады. Менің жылы сөйлеуім, жолдастардың әзілдеп, екеумізді мазақ ету үшін айтқандарына бұл кәдімгідей сеніп, емексіп те қалса керек.  Ол тіпті маған ашық тиісіп жүруге айналды. Бір күні менің басымдағы кепканы алып, екінші этаждан төмен қарай лақтырып жібергені бар. Әуелі үндегенім жоқ. Содан кейін өзі төмен түсіп,  енді менің бас киімімді терезеге қарай лақтырып тұр екен. Алғашқыда мұнысын байқамап едім. Студенттер неменеге мәз болып кетті деп, терезе алдына жиналғандардың қасына барсам, Ш.И менің бас киіміммен осылай ойнап тұр екен.   

-Ой, көргенсіз, бас киіммен ойнай ма екен?!-деп жекірдім. Содан көпке дейін Ш.торсиып маған өкпелеп жүрдім.  Мен бір  күні оған «Иә» деп бір сөз жазып, «хат» жазып жібердім. Әшейін қалжыңым еді. Көп ұзамай маған «Анадағы «иә» деген сөзіңе түсіне алмай жүрмін. Ол не дегенің, сені тыңдауға әзірмін, Оразбек», - деп хат жазып жіберіпті. Қарап отырып күлдім. «Ертең жауап жазып жіберейін», - дедім. Әрине, ештеңе жазғаным жоқ.  Жәй қалжыңым ғой. Бірақ, Ш. Әлі де күдер үзбей жүрген көрінеді. Мұндай аңқау қызды көрген емен... 

Көрнекі фото: Ашық дереккөзден   

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.