Партияға жүктелген міндет – «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру – журналист Nur Otan-дағы модернизация туралы

  • 01.03.2022

Nur Otan партиясы бұдан былай Amanat деп аталатын болды. Ал, оның жұмыс істеу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы бүгін партияның кезектен тыс өткен XXII Съезінде айтылды.

Аталған өзгерістер негізінен халықпен жұмысты күшейтуге, жастарды қолдауға бағытталған. Елімізге белгілі журналист Асхат Садырбайдың айтуынша, заман, адам, қоғам өзгеріп жатқанда, Nur Otan партиясының өзгеруі де заңдылық. Алайда, оның тек атауы ғана емес, ең алдымен жұмыс істеу принциптері өзгерісек ұшырауы тиіс дейді ол.

«Саяси ұйымның аты ауысты, ал заты ше? Ел-жұртты алаңдатқан ең үлкен сауал осы. Ең алдымен партияға жүктелген міндет – «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру. Бұл әлбетте партияның жүйелі құрылымы мен еліміздің барлық аймақтарындағы бөлімшелері, Jas Otan жастар қанаты арқылы тезірек жүзеге асатыны белгілі. 

Мемлекет басшысы партияға үлкен үміт пен сенім білдіре отырып бірқатар тапсырмаларды жаңа бағытта орындауды тапсырды. Сондай-ақ ең бірінші кезекте мемлекет басшысы партиядағы бюрократияны жоятынын айтты», - деп жазды А.Садырбай өзінің Facebook-парақшасында. 

Оның пікірінше, жарияланған реформаларды табысты жүзеге асыру үшін ең бастысы негізгі саяси күш – табандылық мен парадигманы түбегейлі өзгерту қажет. Яғни, партия жұмыс бағытын өзгертіп, нұсқаулықтарды формальды түрде орындаудан алшақтап, «далада» жұмыс істеуге тиіс.

«Бұл партияға жаңа серпін береді, оның ұтқырлығын арттырады, азаматтардың өтініштеріне тез жауап беруге, тиімді кері байланыс орнатуға, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда азаматтардың мүдделерін табанды және дәйектілікпен қорғауға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп сөзін түйді журналист.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев бірнеше азаматты марапаттады

24.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

24.04.2025

Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

23.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

23.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев бірнеше азаматты марапаттады

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

FIBA - Халықаралық баскетбол федерациясы

Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады