freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бөлек шыққың келсе, кете бер": Әнші Жеңіс Ысқақова бұрынғы келіні туралы шындықты айтты

Қоғам
"Бөлек шыққың келсе, кете бер": Әнші Жеңіс Ысқақова бұрынғы келіні туралы шындықты айтты
Жеңіс Ысқақова. Фото: Malim.kz / ЖИ

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова ұлының екі рет шаңырақ көтергенін айтып, алғашқы некесінің неліктен сәтсіз аяқталғанына тоқталды. Бұл туралы ол OYLAU YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің сөзінше, бірінші келіні күйеуіне бірнеше рет бөлек тұруды ұсынған. 

"Менің балам екі рет үйленді. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Бірінші үйленген кезде келін "бөлек шығайық" дей берген. Содан кейін менің ұлым "бөлек шықпаймыз, осы шаңырақта тұрамыз, бөлек шыққың келсе, кете бер" деді. Сөйтіп, келін кетті. Менің ол жерде қатысым жоқ. Балалар ол кезде үйде болды, мен жұмыс бабымен Астанада тұрдым. Сол кезде орталарында болған әңгіме. Одан кейін экс-келініме: "Не жағдай болды? Не үшін кеттің?" деп сұрағанымда, ол "у меня к вам претензий нет" деді. Сондай заман... Сонда келіндер енеге "претензия иметь" ете алады екен", – деді Жеңіс Ысқақова.

Жеңіс Ысқақова кім?

Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова – қазақстандық эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

Әнші өнерге бала кезінен қызығып, мектептегі мәдени іс-шараларға белсенді қатысқан. Сондай-ақ аудандық және облыстық ән байқауларында бақ сынаған. 1984 жылы Сырдария аудандық мәдениет үйіндегі ансамбльде солист болып еңбек жолын бастады.

1985-1987 жылдары Алматыдағы эстрада-цирк училищесінде білім алған. Ол белгілі әнші әрі педагог Лаки Кесоглудың сыныбында оқыды. 1987 жылдан бастап "Гүлдер" ансамблінің құрамында өнер көрсетті. Кейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінде де солист болды. Жеңіс Ысқақова Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" оркестрімен де шығармашылық байланыста болды. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің солисі ретінде өнер көрсетті.

Ол 1987 жылдан бастап қазақстандық тыңдарманға кеңінен таныла бастады. 1992 жылы әншінің "Мен білмеймін" атты алғашқы танымал туындыларының бірі жарық көрді. Кейін "Аяла сен мені", "Түнгі жаңбыр", "Ғажап ертегім", "Сен ғана", "Сыңсу" және "Тылсым сезім" секілді әндері хитке айналды. 2000 жылы орындаған "Сыр сұлуы" әні оның шығармашылық визит карточкасына айналды. Осы әннен кейін өнер иесін көпшілік "Сыр сұлуы" деп атай бастады.

Жеңіс Ысқақова композитор Кеңес Дүйсекеевпен ұзақ жылдар бойы шығармашылық байланыста жұмыс істеді. 2001 жылы Алматыдағы Республика сарайында "Сыр сұлуы" атты алғашқы жеке концертін өткізді. 2005 жылы оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. Бүгінде Жеңіс Ысқақова қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар, бірнеше буын тыңдарманына танымал әншілердің бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу