Фатима Супығалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен финалда қазақстандық спортшы Украина өкілі Ксения Кирильчукпен белдесті. Негізгі уақыт тең аяқталып, Golden Score кезеңінде Фатима шешуші әдіс жасап, иппонмен жеңіске жетті.
Бұл — Қазақстан әйелдер дзюдосы тарихындағы тұңғыш әлем чемпиондығы.
Фатима Супығалиева барлық жас санаттары бойынша әлем чемпионаттарында Қазақстанға әйелдер арасындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.