freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жер шарындағы ең қарт әйел 117 жасқа толды

Әлем
Жер шарындағы ең қарт әйел 117 жасқа толды
Фото: Facebook/GuinnessWorldRecords

Жер шарындағы ең қарт әйел Этель Катерхэм 21 тамызда 117 жасқа толды. Ол Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы Суррей графтығындағы қарттар үйінде тұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Катерхэм 2025 жылдың сәуірінде бразилиялық Ина Канабарро Лукас 116 жасында қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам атанды.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметінше, Этель Катерхэм 1909 жылы дүниеге келген. Ол сегіз балалы отбасының екінші кенже қызы. Ғасырдан астам ғұмырында ол екі дүниежүзілік соғысты және COVID-19 пандемиясын бастан өткерді. 2020 жылы 110 жасында коронавирус жұқтырған.

Катерхэмнің екі қызы өзінен бұрын қайтыс болған. Ал оның күйеуі, Ұлыбритания армиясының подполковнигі Норман 1976 жылы дүниеден өткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу